Accessibility links

Болгария мен Румынияның Еуро Одаққа енуіне жол ашылды


Германия парламентінің жоғары палатасы Болгария мен Румынияның Еуропа одағына қосылуын қолдап дауыс берді. Бұл дауыс берулер аталмыш елдердің Одаққа кіруіне соңғы кедергілерді алып отыр. Еуро Одақтың Кеңею жөніндегі комиссионері Оли Рен, ол дауыс берулерді қоштап, бұл қолдаулар енді екі елдің одаққа енуі үшін жасалған соңғы заңды қадам деді. Болгария мен Румыния 2007 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап ресми түрде Еуропа Одағының жаңа мүшелері болмақ.
XS
SM
MD
LG