Accessibility links

Ирақ президенті Иранға бара алмай қалды


Ирақ президенті Жалал Талабани елдегі қақтығыстардан халықаралық әуежайдың жабылып қалуына байланысты өзінің Иранға сапарын кейінге қалдырды. Ол өзінің әуежай ашыла салысымен Техранға ұшатынын айтқан. Ирақ үкіметі бейсенбі күні Бағдадтағы көлік жарылыстарынан кейін жалпы комменданттық сағат жариялап, әуежайды жауып тастаған. Техрандағы кездесуде Талабани Иран, Сирия президенттермен ирақтық бүлікшілдердің елге қалай еніп жатқанын талқыламақшы еді.
XS
SM
MD
LG