Accessibility links

Ирақта діни жікшілдік қақтығыстар өршіп кетті


Бағдадтың солтүстік батысындағы сүнниттердің төрт мешітін шиит жауынгерлері талқандап, бірнеше адам қаза болды. Қауіпсіздік күштерінің хабарлауынша, сүннит тұрғындар мен шиит жасақтары арасындағы қақтығыс шиитер мен сүнниттер аралас тұратын Хуррияда да жалғасып жатыр. Онда кемінде 30 адам құрбан болған. Ол шабуылдар Бағдадта бір күн бұрын 200-ден аса кісінің өліміне әкелген көлік жарылысына кек қайтару деп айтылуда.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG