Accessibility links

Ирақтағы діни жікшілдік қақтығыстар жалғасып жатыр


Шиеленісті жағдай бейсенбі күні шийттердің Садр қаласында көлік жарылысы болып, 200-дей адам қаза болған соң ушығып кеткен. Хабарларға қарағанда, Бағдадтың әр жерінде бүлікшілдер мен Ирақ күштері және АҚШ әскерлері соғысқан. Бағдадта әлі де комменданттық сағат жүріп жатыр. Халықаралық әуежай жабылып, Ирақ президенті Жалал Талабани елдегі қақтығыстарды тоқтату мәселесі бойынша Техрандағы Иран мен Сирия президенттерімен кездесуін кейінге қалдырды. Комменданттық сағат кемінде дүйсенбі күнге дейін созылды.
XS
SM
MD
LG