Accessibility links

Ресей ресми билігінің азаматтық бостандықтар мен демократия саласындағы кемшіліктері сыналды


Ресей экономикасында тұрақтылыққа қол жеткізген президент Путиннің табыстарына жеке адамдар бостандығы мен демократияға жасалып жатқан ”ірі шабуылдар” көлеңкесін түсіруде. Бұл - Британия үкіметінің Солтүстік Ирландия бойынша министрі Петер Хейнстің сенбідегі мәлімдемесі. Содан дәл үш күн бұрын Ресейдің бұрынғы жансызы Александр Литвиненко Британия ауруханасында қаза болған-ды. Өзінің радиациямен улануына ол Путинді айыптаған еді. Бұл айыптауды Ресей президенті кері қақты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG