Accessibility links

Қырғыз президенті Минскіге келді


Бүгін Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев Беларусь президенті Александр Лукашенкомен келіссөз өткізу үшін Минскіге келді. Кездесу барысында екі ел арасындағы достық және ынтымақтастық жөніндегі келісімге қол қойылады деп күтілуде. Жұма күні Қырғызстан жағы Беларусь елінің Дүниежүзілік Сауда ұйымына мүше болуға талпынысын қолдайтынын айтқан болатын. Президент Бакиев ертең Минскіде өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы саммитіне қатысады.
XS
SM
MD
LG