Accessibility links

Киркук әкімінің өзі аман қалып, 1 бейбіт тұрғын мерт болды, 12 кісі жараланды


КИРКУК: Бүгін Ирақтағы Киркук қаласының әкімі өзіне қарсы жасалған қастандықтан аман қалды. Полицияның хабарлауынша, Киркук әкімі Абдул Рахман Мұстафа мен оның оққағаларлары автокөлікпен өтіп бара жатқан кезде жанкешті-лаңкес өзін-өзі жарған. Одан 1 бейбіт тұрғын қаза болып, кемінде 12 адам жараланды. Киркук қаласында күрдтер мен арабтар және түркімендер араласып тұрады. Өткен жылдары қалада ұлтаралық жанжалдан және сүнниттер мен шийттердің арасындағы қақтығыстардан 100-деген адам қырылды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG