Accessibility links

Ирақтағы қантөгісті ең алдымен АҚШ-тың NBC агенттігі “азамат соғысы” деп бағалады


ТАЛЛИНН: АҚШ президенті Дж.Буш “Ирақ азамат соғысының табалдырығында тұр” деген пікірмен келіспейді. Бүгін Эстонияда өткізген баспасөз-маслихатында Дж.Буштың “Ирақтағы қазіргі қантөгіс пен азамат соғысының қандай айырмашылығы бар” деген сауалға қайтарған жауабына сәйкес, соңғы кездегі бомбалық шабуылдар – Ирақтағы шийттер мен сүнниттердің арасынан жанжал шығару пиғылымен “Әл-Қаида” ұйымы содырларының 9 ай бойы жүргізіп келе жатқан қастандық әрекетінің құрамдас бөлігі ғана. Ирақтағы ахуалды алғаш рет “азамат соғысы” деп кеше АҚШ-тың NBC агенттігі атады. БҰҰ-ының Бас хатшысы К.Аннан да Ирақтың азамат соғысы алдында тұрғанын ескертіп, оған жол бермеу үшін шұғыл шара қабылдауға шақырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG