Accessibility links

“Америка дауысы” мен “Азаттық” хабарларын тарататын радио бекеті тоқтатылды


БАКУ: Бүгін Әзірбайжандағы тәуелсіз АНС теле- әрі радиоарнасы өзін жабу туралы ресми биліктің шешіміне арызданып, сотқа шағым жолдады. Әзірбайжанның ұлттық телерадио кеңесі аталған телерадиоарнаны “заңды бұзды” және “айыппұлды төлемеді” деп айыптап, АНС телерадиоарнасының хабарларын 24-інші қарашада тоқтатты. АНС холдингіне қарайтын радио бекеті “Америка дауысы” және “Азаттық” Радиоларының хабарларын тарататын еді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым Әзірбайжандағы сөз бостандығы ахуалының нашарлауына алаңдап, дүйсенбі күні президент И.Әлиевке хат жолдады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG