Accessibility links

Ирақтағы британ және поляк әскерлері азайтылса, Сеул өз әскерін түгел шығарады


СЕУЛ: Оңтүстік Корея осы жылдың соңына қарай өз әскерін Ирақтан шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Оңтүстік Кореяның парламенті мақұлдаған осындай шешім туралы билік басындағы партия хабарлады. Өзге елдермен салыстырғанда Оңтүстік Кореяның Ирақта онша көп емес - 2.300 жауынгерлік әскері бар. Оның қарсаңында ғана АҚШ-тың Ұлы Британия мен Польша сынды 2 одақтасы Ирақтағы әскерлерінің қатарын азайтатындарын мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG