Accessibility links

“Ирақты зерттеу тобы” АҚШ әскерін Ирақтан бірте-бірте шығаруға кеңес бермекші


ВАШИНГТОН: АҚШ-тың Ирақта қандай саясат ұстануы керектігін зерттейтін қос партиялық топтың тең төрағасы осы мәселе бойынша уәжге келгендерін мәлімдеді. “Ирақты зерттеу тобы” деп аталатын осы топтың 2 тең төрағасының бірі Ли Хамильтон зерттеудің нәтижесін келесі аптаға дейін жарияламайтынын хабарлады. Бірақ зерттеу барысымен таныс адамдарды сілтеп көрсеткен “Нью-Йорк таймс” газетінің хабарлауынша, аталған топ АҚШ әскерін Ирақтан бірте-бірте шығаруға кеңес береді. Ли Хамильтон мен АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джеймс Бэйкер басқаратын бұл топ Американың Ирақтағы балама саясатын зерттеуге 1 айдай уақыт жұмсады.
XS
SM
MD
LG