Accessibility links

Дж.Буш: “АҚШ армиясы өз міндеттемесін орындап болғанша Ирақта қалады”


АММАН: Бүгін Иордания астанасы – Амманда АҚШ президенті Дж.Буш пен Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики өзара келіссөз өткізіп, Дж.Буштың хабарлағанындай, оның барысында елдің ішкі қауіпсіздігін қорғау міндетін мүмкіндігінше ертерек Ирақтың үкімет күштеріне жүктеу мүмкіндігі талқыланды. Сонымен қатар, Дж.Буш мәлімдегендей, АҚШ армиясы өз міндеттемесін орындап болғанша Ирақта қалады. Келіссөзден кейін өткізген баспасөз-маслихатында АҚШ президенті Әл-Мәликиді “беделді лидер” деп мақтады. Өткен бірнеше күннің ішінде Ирақта соңғы 3 жылдағы ең ірі террористік қастандықтар жүзеге асырылды.
XS
SM
MD
LG