Accessibility links

Ватикан мен православие арасындағы кикілжіңді жою – сапардың басты мақсаты


СТАМБУЛ: Бүгін – Түркияға сапарының үшінші күні - Рим Папасы 16-ншы Бенедикт христиандардың іштей жікке бөлінуін бүкіл әлемдік “жанжал” деп атап, Еуропадағы діни сенім-нанымның ежелгі тарихын еске алды. Бұл пікірін понтифик патриарх Бартоломей бастаған Константинополь шіркеуіндегі діни мерекеге барған сәтінде естіртті. Ватикан мен православие шіркеуінің арасындағы мың жылдан бері жалғасқан кикілжіңді жоюға тырысу – Рим Папасы 16-ншы Бенедиктің Түркияға келген 4 күндік сапарының басты мақсаты болған көрінеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG