Accessibility links

Бұрынғы Ресей тыңшысы А.Литвиненконың өліміне байланысты тергеу ісі одан әрі жалғасуда


Бүгін Британияның патолог мамандары Литвиненконың мәйітін тексеруден өткізеді. Ал тергеушілер қазір қалайша Литвиненконың денесіне радиоактивті полоний-210 улы затының түскенін тексеруде. Осы уақытқа дейін радиоактивті қалдықтар Литвиненконың тергеу ісіне қатысты 12 жерден табылған. Олардың ішінде Мәскеу мен Лондон бағытындағы British Airways компаниясының кемінде екі ұшағы бар.
XS
SM
MD
LG