Accessibility links

Рим папасы Бенедикт мұсылмандардың қасиетті орны мешітке барған католик шіркеуінен екінші понтифф болып отыр


Бенедикт 16-шы бейсенбі күні Истанбұлдағы Сұлтан Ахмет мешітінде болды. Осы Көгілдір мешітке кірер алдында Рим папасы аяқ киімін шешіп, мұсылмандар үрдісімен бірер минут үнсіздік сақтады. Рим папасының әйгілі АйаСофиядан кейін Сұлтан Махмет мешітінде болуы діни байланыстың нығаюына және діни қауымның сеніміне қосымша игілік болмақ, деді Истанбулдағы бас имам Мұстафа Жағрычы.
XS
SM
MD
LG