Accessibility links

Аргентина соты бұрынғы Иран президенті “әділеттіктен жалтарып отыр» дейді


Аргентина соты Бұрынғы Иран президенті Акбар Хашеми Рафсанжани мен тағы басқа 8 ирандықты “әділеттіктен жалтарып отырған қашқындар” деп жариялады. Олар 1994 жылы Буэнос-Айрестағы еврейлердің мәдени орталығында болған жарылысқа қатысы бар деп айыпталуда. Ол шабуылдан шамамен 85 адам қаза тапқан болатын. Сот төрағасы Рудольфо Каникоба Корралдың айтуынша, әлгі 9 кісі осы айда берілген тұтқындау туралы құжатқа жауап бере алмаған. Ал Иран жағы ол оқиғаға біздің ешқандай қатысымыз жоқ деп отыр.
XS
SM
MD
LG