Accessibility links

Американы “сайтан” деп атаған солшыл президент 6 жылға қайта сайланған тәрізді


КАРАКАС: Венесуэладағы кеше болып өткен президент сайлауының бастапқы нәтижесі қазіргі солшыл президент Уго Чавестің келесі 6-жылдық мерзімге қайта сайланғанын көрсетіп отыр. Сайлау Кеңесінің хабарлауынша, берілген барлық дауыстың 80 пайызға жуығы есептелген соң, Чавес 61 пайыздан көп дауыс алған болса, оның басты қарсыласы Мануэль Росалес – 38 пайыздан кем дауыс жинағаны анықталды. Куба мен Иранға қосылып, АҚШ-тың сыртқы саясатына үзілді-кесілді қарсы У.Чавес президент билігіндегі келесі мерзімінде өзінің “социалистік төңкерісін” аяқтағысы келетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG