Accessibility links

Чилидің бұрынғы диктаторы “бірқалыпты ауыр халде жатыр”


САНТЬЯГО: Дәрігерлердің хабарлауынша, Чилидің бұрынғы диктаторы Аугусто Пиночеттің жүрегіне екінші операция жасалады. Жүрегі қысылған 91 жастағы экс-диктатор кеше ауруханаға түсті. Дәрігерлер оның жүрегіне операция жасап, қазір оның “бірқалыпты ауыр халде” жатқанын хабарлады. Адам құқын қорғаушылардың мәлімдеуінше, 1973-1990-ыншы жылдар аралығында 17 жыл бойы Пиночет билеп-төстеген тұста 3 мыңнан астам адам құрбан болды.
XS
SM
MD
LG