Accessibility links

С.Хусеиннің адвокаттары оған шығарылған өлім жазасын қайта қараттырмақшы


БАҒДАД: С.Хусеиннің адвокаттары оған шығарылған өлім жазасын қайта қарауды сұрап отыр. Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеин мен оның жақын 2 үзеңгілесі 1982-нші жылы Бағдад түбіндегі 1 ауылдың 148 шийт тұрғынын қырды деген айып бойынша 5-інші қараша күні өлімге кесілген болатын. Ирақ заңына сәйкес, өлім жазасы шығарылған күннен бастап 10 күннің ішінде оны қайта қарауға арыз беруге болады. Бірақ С.Хусеиннің адвокаттарына осындай арыз беруіне 30 күн уақыт берілді.
XS
SM
MD
LG