Accessibility links

Түркия мен Иран арасындағы тауар айналымы жылына 10 млрд. долларға жетуі мүмкін


ТЕҺРАН: Кеше Түркия премьер-министрі Р.Т.Эрдоган 2 елдің арасындағы сауда қатынасын дамыту және аймақтағы ахуалды түзеу мәселелері бойынша кеше Теһранда Иран басшылығымен келіссөз өткізді. Эрдоган екі ел арасындағы жылдық сауда айналымын 2 есе ұлғайтып, 10 млрд. долларға дейін жеткізуге үміттенетінін мәлімдеген болса, Иранның рухани лидері аятолла Әли Хаменеидің атап көрсеткеніндей, Теһран Түркиямен арадағы экономикалық ынтымақтастығын дамытуға мүдделі. Ираққа тоқталғанында Ә.Хаменеи: “Ирақтың құзырлы үкіметін жасақтау – елдегі дағдарысты шешудің жалғыз жолы”, -деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG