Accessibility links

Түркия үкімет басшысы Режеп Тайып Ердоған Иранға екі күндік сапармен келді


Оның барысында Ердоған мырза бүгін Иран президенті Махмуд Ахмадинежадпен кездесті. Олар екі жақты сауда байланыстарын жақсарту және аймақтағы қақтығыстарды бәсеңдету мәселелерін талқылады. Энергия көздеріне байланысты әңгіме күн тәртібіндегі басты сауал болды. Ердоған мырза сонымен бірге президент орынбасары Парвиз Авоудимен де кездесті. Бүгін Иранның рухани көсемі Аятолла әли Хаменеймен де ол кездеспекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG