Accessibility links

Ағылшындар КГБ-нің бұрынғы агенті мен оның досын тергеу үшін Мәскеуге келді


МӘСКЕУ: Ресейдің бұрынғы тыңшысы А.Литвиненконың уланып өлуі себептерін тергейтін ағылшын тергеушілері кеше Мәскеуге келіп жетті. Олар КГБ-нің бұрынғы офицері Андрей Луговой мен оның досы Дмитрий Ковтуннан жауап алмақшы. Осы екеуі А.Литвиненкомен 1-інші қараша күні, яғни оның уланатын күні Лондонда кездескен көрінеді. Ағылшын тергеушілері Вашингтонға да барып, КГБ-нің тағы бір бұрынғы агенті Юрий Швецті тергеуге алды. Кеше Брюссельде сапарда жүрген Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Литвиненконың ісіне “саяси реңк” беру Мәскеу мен Лондонның қарым-қатынасына кері әсер етуі мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG