Accessibility links

Ауғаныстанда НАТО жасағына шабуыл жасалды


Ауғаныстанның оңтүстігіндегі НАТО күштерінің керуеніндегі көлікке қойылған бомба жарылып, екі НАТО әскері мен алты бейбіт тұрғын қаза болды. НАТО өкілінің айтуынша, бұл жанкештілік шабуыл Қандағар провинциясында орын алған. Бұл осы аптада Қандағарда орын алған бесінші шабуыл. Қаңтар айынан бері Ауғаныстанда 100 жанкештілік шабуыл болған.
XS
SM
MD
LG