Accessibility links

Бірнеше жыл бұрын Әзірбайжан Иранның металл тиеген жүгін ұстаған


Әзірбайжан билігі көрші Иранға тиесілі баллистикалық зымыран өндіру үшін пайдаланылатын 22 тоннадай металды осыған дейін ұстағандарын айтып отыр. Бұл туралы Әзірбайжанның мемлекеттік кеден қызметінің басшысы Айдын Алиев сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Алиевтің сөзіне қарағанда, ол метал тиелген жүк бірнеше жыл бұрын ұсталған. Бірақ, ол биліктің бұл ақпаратты неге осы уақытқа дейін жарияламағанына тоқталмады.
XS
SM
MD
LG