Accessibility links

Абхазияда мыңдаған адам тәуелсіздіктерін мойындауды талап етіп шеруге шықты


Сәрсенбі күні Абхазияның аймақтық астанасы Сухимиде мыңдаған адам Ресей мен халықаралық қауымдастықты өздерінің тәуелсіздіктерін мойындауға шақырып, шеру өткізді. Абхазия президенті ретінде өзін жариялаған Сергей Багапш, бұл ереуіл Абхазия мен Грузияның бір мемлекет бола алмайтынын көрсетті деген. Осы тұрғыда Ресей парламентінің төменгі палатасы Ресей өз саясатында Абхазия тәуелсіздігінің талаптары мен Оңтүстік Осетияның таяуда өткізген тәуелсіздік референдумын қабылдау керек деп айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG