Accessibility links

Сергей Лавров Литвиненконың ісі Ресей мен Британия қатынастарына теріс әсер етпейді деді


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұрынғы барлаушы Александр Литвиненконы уландыру ісі Ресей мен Британия қатынастарына теріс әсер етпейді деді. Литвиненко қараша айында Лондонда қайтыс болған, ажалыма Ресей президенті Владимир Путин айыпты деп айтып кеткен. Ресей басшылығы мұны жоққа шығарады. Министр Лавров апта басындағы сөзінде Литвиненконың өліміне Ресей басшылығын айыптау екі ел қатынастарына зиян жасауы мүмкін деген еді. Британия полициясы Литвиненко кісі қолынан қаза тапты дейді, бірақ қылмыстың артында кім болуы екенін әлі тергеп жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG