Accessibility links

Абақтыда аштық жариялаған А.Козулиннің жағдайы қиындады


Абақтыда аштық жариялаған Белорусия оппозициясының белсендісі Александр Козулиннің денсаулығы нашарлап, өлуге жақын қалған. Билікке қарсы шеру өткізгені үшін 5,5 жылға түрмеге жабылған ол аштық акциясын жеті апта бұрын бастаған. Белорусия оппозициясының жетекшісі Александр Милинкевич әлемдегі жетекші елдердің басшылығына жазған ашық хатында, Козулин аштық жариялауын тек БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Белорусиядағы адам құқықтары жайы талқыланғанда ғана тоқтатады деген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG