Accessibility links

Баспасөзге шолу. 12.08.2006 жыл

  • Рауза МҰҚАН

Жұма күні жарық көрген басылымдарда Қазақстандағы инфляция деңгейіне қатысты мақалалар жарық көрген. Сондай-ақ, баспасөз беттерінде, Шығыс Қазақстан облысындағы ормандардың соңғы кезде адам қолымен жойылып бара жатқаны жөнінде мәселе көтеріпті.

«Деловая неделя» апталығы, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда биыл теңгенің құнсыздануы біршама жоғары деп жазады. Азық-түлік және өзге де тұтыну тауарлары мен халыққа ақылы қызмет көрсету құны 1 пайызға көтерілді. Өткен қараша айында, азық-түлік түрлерінің барлығы дерлік қымбаттады. Бензин құны шамамен 1 пайыздай арзандағанымен, дизельді отынның бағасы 2 жарым пайыздан аса көтерілді. Ал, қараша айында теңгенің долларға шаққандағы ресми бағамы 127 теңге 92 тиынды құрады. Алайда, теңгенің еуро мен ресей рубліне қатысты әлсіреуі, халықаралық нарықтағы доллардың арзанждауымен байланысты. Дегенмен сарапашылар пікірінше, жыл аяғына дейін, доллар бағамына қатысты, үлкен өзгерістер болмайды, - деп жазады «Деловая неделя».

Ал «Известия Казахстан» басылымының жазуынша, жаңа жылдық мереке қарсаңында, заттар біршама қымбаттамақ. Сарапшылардың болжамынша, жеміс-жидек, ет, таңсық тағамдардың бағасы екі есеге көтеріледі. Жалпы, 2006 жылдың басынан бері ақылы қызмет көрсету бағасы көтерілді. Сондай-ақ, тұрмыстық-коммуналды қызмет түрлерінің, орталықтан берілетін жылу мен газ және ыстық су қымбаттады. Бұған қоса, көлік, медицина және білім беру салаларында да бағалар көтерілді, - деп жазады «Известия Казахстан».

«Республика» басылымы болса, биыл Қазақстанда астық жинаудан рекорд жасалғанымен, нан бағасы арзандамай тұр деп жазады. Өткен жылғы қараша айымен салыстырғанда биыл астық өнімдері 14 пайызға қымбаттады. Күріш бағасы тоғыз жарымдай пайыз, нан бағасы 5 пайызға жуық көтерілді. Ал инфляция деңгейі жағынан бірінші орында Алматы мен Астана қаласы тұр. Ал, ең төменгі көрсеткіш Маңғыстау мен Қызылордада тіркеліпті. Ал Қазақстандағы күн көріс минимумы биыл қараша айында жан басына шаққанда 8122 теңгені құрап отыр, - деп жазады «Республика» басылымы.

«Караван» басылымының жазуынша, Қазақстандағы жер көлемінің 4 пайызын орман алқабы алып жатыр. Бес жыл бұрын Шығыс Қазақстан облысындағы Қатон-Қарағай ауданында мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ құрылған. Содан бері, оңтүстік-алтай орман алқабына рұқсатсыз қол тигізуге болмайды. Бірақ бұл Орман кодексі бойынша ғана. Ал іс жүзінде ұлттық саябақтан, облыстық эколог мамандардың рұқсатынсыз, заңсыз орман кесу жыл өткен сайын ұлғайып барады. Тіпті ведомствалық комиссия тексеру барысында, саябақ маңында 13 ағаш кесетін заңсыз орын бары анықталды, - деп жазады «Караван» басылымы.

«Республика» газеті орман алқаптарын тиімді пайдалану үшін, ағаш дайындайтын кәсіпорындар ашу керек деген бастама көтеріпті. Апталық келтірген, Орман және биоресурстар жөніндегі басқарма дерегінше, соңғы 12 жылда Шығыс Қазақстан ормандарында үш жарым миллион текше метр қолдануға жарамды ағаш қоры жинақталған. Жалпы мұндай ағаштар Қазақстанда 78 миллион текше метр. Бұған қоса, мақала авторы кесілген ағаштардың орнын жыл сайын жаңа көшеттермен толықтырып отыруды ұсынады. Басылымның жазуынша, қазір көптеген елдер жихаз жасау үшін, ағаш өңдейтін зауыттарды іске қосуға талпынуда. Тіпті орман алқабы аса көп болмаса да көршілес Қытай елінде мұндай 259 зауыт бар. Олай болса, Қазақстанда бұл кәсіпті неге қолға алмасқа, - деп жазады «Республика».
XS
SM
MD
LG