Accessibility links

Еуроодақ делегациясы өткен жылы мамыр айында орын алған Әндіжан оқиғаларын талқылау үшін Өзбекстанға келді


Еуроодақ өкілі Пьер Морелдің айтуынша, олар бір аптаға созылатын сапары барысында Әндіжан қаласына баруды жоспарлап отыр. Өзбекстан билігі шетелден қаржыландырылған діни экстремистер Әндіжан қаласын өз бақылауына алған соң ол оқиғада 187 адам қаза тапты дейді. Бірақ адам хұқын қорғаушылардың айтуынша, үкімет күштері наразылық танытушыларға қарсы оқ атып, жүздеген қарапайым халықты өлтірген. Президент Ислам Каримов ол оқиғаның тәуелсіз халықаралық түрде тергелуіне жол бермеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG