Accessibility links

Германияның төрт азаматында радиация белгісі табылмады


Ресейдің бұрынғы барлаушысы Александр Литвиненконың уланып қаза болу ісіне орай тексерілген Германияның төрт азаматында радиация белгісі табылмады. Бұл төрт азамат Литвиненкомен кездескен соңғы азаматтардың бірі Дмитрий Ковтунмен байланысты адамдар. Дмитрий Ковтун Лондонға бара жатқанда Германияда екі үйде тоқтаған болатын, сол үйлерден радиация белгілерін табылған. Дмитрий Ковтунның өзі радиациядан уланып, қазір Мәскеуде емделіп жатыр. Ал Литвиненко Лондонда 23 қарашада радиациялық уланудан қайтыс болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG