Accessibility links

"Митал стил" енді мұнай бизнесімен айналыспақ


"Митал стил" компаниясы Қазақстанда енді Каспий теңізінде мұнай бизнесімен айналыспақ. Ресейдің ЛУКойл компаниясы "Митал инвестмент" компаниясына "Каспиан инвестментс рисорсиз" компаниясындағы 50 пайыз акциясын сатуға келісті. Келісім құны 980 миллион доллар, келісім келесі жылы толық жасалмақ. "Каспиан инвестментс рисорсиз" компаниясы Каспий теңізінде төрт мұнай алаңын игеруге қатысып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG