Accessibility links

Бағдадтағы базарда жарылған бомбадан кемінде 15 кісі қаза тапты.


Бүгін Бағдадтағы базар маңайында жарылған көлік бомбасынан кемінде 15 адам қаза тауып, 35 шақты кісі жараланды. Бағдадтың шығысындағы ол ауданда негізінен шииттер тұрады. Сондай-ақ, солтүстіктегі Рияд қаласында, бейсерми хабарларға қарағанда, екі жанпидашының көлік бомба шабуылынан 6 адам мерт болған. Ал бұдан бір күн алдын Бағдадтағы жарылыстарда 70 кісі қаза тауып, кемінде 230 адам жарақат алған еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG