Accessibility links

Қазақстан кәсіпкерлері форумы сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізді

  • Досан БАЙМОЛДА

Желтоқсанның 14-і күні Алматыда Қазақстан кәсіпкерлері форумы мен коррупцияға қарсы күрес жөніндегі ‘Транспаренси-Қазақстан‘ қоғамдық қоры БҰҰ-ның Даму Бағдарламасының қолдауымен ‘Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы‘ деген атпен семинар өткізді. Оған Қазақстандағы кәсіпкерлер ұйымының өкілдері, сарапшы мамандар, сондай ақ прокуратура және тәртіп комитетінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинарға қатысушы кәсіпкерлер ұйымының өкілдері Қазақстанда сыбайлас жемқорлықтың барған сайын күш алып бара жатқандығын атады. Олардың айтуынша Қазақстанда кәсіпкерлікті жүргізу мәселесі өте ауыр, тек кәсіпкерлерді тексеретін,олардың жұмысын бақылайтын түрлі мекемелер мен орындардың саны 50 ден асады дейді олар.

Қазақстандық кәсіпкер Мұқан Мамытқанұлы Қытай елінен Қазақстанға екі кірпіш зауытын кірігізіп соны жұмыс істетейін десе неше түрлі рұқсат қағаздары мен кедергі бөгеттердің барлығын, тек рұқсат алу үшін шенеуніктер сұраған ақшаны беріп барып зауыт ашуға болатындығын одан соң зауыт жұмысын тексеретін экология дей ме, санэпидологиялық станция дей ме салық комитеті дей ме, қаржы полициясы дей ме прокуратура дей ме қойшы әйтеу неше түрлі мекемелердің маза бермейтіндігін айтады.

Алматы қалалық кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы Виктор Ямбаевтың айтуынша сыбайлас жемқорлық яғни корупцияға қарсы күрес Қазақстанда мемлекеттік саясаттың ең негізгі ең басты бағыттарының бірі ретінде айтылғанымен бұл күрес ешбір нәтиже бере алмай отыр. Өткен жылы Қазақстан президентінің жарлығымен 2006-2010 жыл аралығында коррупцияға қарсы күресу жөнінде мемлекеттік бағдарлама қабылданғанымен алайда коррупция барған сайын белең алып отыр дейді ол.

‘Транспаранси-Қазақстан‘ қоғамдық қорының атқарушы директоры Сергей Злотниковтың айтуынша 2005 жылдың жағдайымен Қазақстан әлемдегі 156 мемлекет арасынан сыбайлас жемқорлық жағынан 110-шы орында. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа ұрынған деңгейі жағынан Гондурас, Замбия, Зимбаве секілді Африка елдерімен бірге тұр. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнінде қаншама заң, бағдарламалар қабылданғанымен олардың бірде біреуі іске аспайды. Өйткені осы бағдарлама, заңды орындайтын, оны іске асыратын мемлекеттік шенеуніктер сыбайлас жемқорлыққа ең көп ұрынып, былғанған адамдар дейді ол. Оның айтуынша қазақстандық орташа деңгейдегі шенеуніктің өзі 5 мың доллардың костюмін киіп, 50 мың доллардың жип машинасын мінеді сонда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты қалай ауыздықтай аламыз дейді ол.

Семинар барысында Қазақстанның экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сондай ақ ‘Транспаранси-Қазақстан‘ қоғамдық қорымен бірлесіп шығарған ‘Кәсіпкерлер үшінгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет туралы‘ деген кітаптың таныстырымы болып өтті.
XS
SM
MD
LG