Accessibility links

Діннің саяси және мәдени өмірге ықпалы

  • Нұрлытай ҮРКİМБАЙ

Дін негізінен бейбітшілікті қолдап, насихаттайды. Алайда, өтіп бара жатқан 2006-шы жылдағы жаңалықтар мен жедел хабарларда діннің негізгі рөлі саяси жанжалдар мен мәдени теке-тірестер саласында көрініс беріп жатты, дейді «Азаттық» радиосының тілшісі Жефри Донован.

Жыл басында, яғни қаңтардың 25-де Палестина сайлаулары барысында Хамас тобы билікке келді. Алғашқы Хамас үкіметі құрылды. Сонымен бірге Израйль-Палестина жанжалдары өрши түсті. Хамасты лаңкестік ұйым деп білетін Құрама Штаттар мен Еуропа одағы, Хамас тобы Израйль мемлекеттігін мойындамайынша, Хамас үкіметін мойындамауда.

Ал, Орталық Азияда болса Ислам атын жамылған қарулы топтар пәрменді кедергілерге тап болуда. Хизбут-Тахрир ұйымы мүшелеріне Орта Азия елдерінде өмір сүруге тыйым салынуда. Сондай-ақ Өзбекстан Ислам қозғалысын бірнеше шабуылдар ұйымдастырды, бір әскери тұлғаны өлтірді және үкімет өкілінің өміріне қол салмақшы болды, деп Тәжік билігі айыптауда.

2006-шы жылы бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі тақырыбы болған мәселе - Дания газетінің Мұхаммед саллалаху ғалейхиуассалам пайғамбар деп жалған келемеж суреттер жариялағаны үшін Мұсылман әлемінің наразылық шерулеріне шығуы еді.

Бұл - Дамаскіде, ақпанның 4-і күні болған шерулерден үзінді үн таспа. Шерушілер Дания мен Норвегия елшіліктеріне шабуыл жасап, от қойған болатын. Бейрут шеруілшілері де Дания дипломатиялық өкілдігіне шабуыл жасаған еді. Ал, Техранда шерушілер Копенгаген дипломатиялық штаб пәтеріне тас және жарылғыш шөлмектер лақтырған болатын. Батыс өкілдері ол суреттерді сөз бостандығы көрініс, деп бағаласқан еді.

Осыдан кейін іле-шала Иран президенті Махмуд Ахмадинежад Холокаустың тарихи жағынан қаншалықты шындық екендігіне күманданатындығын айтқан болатын. Сондай-ақ ол Израйль елін картадан өшіріп тастауға шақырған еді. Ахмадинежад бұл пікірін ақпанның 11-інде Ислам төңкерісінің 27 жылдығында сөйлеген сөзінде жариялаған. Иранда сондай-ақ Холокаустқа байланысты суреттер көрмесі болды. Ал, желтоқсанның ортасында Холокаустты жоққа шығарушылардың халықаралық конференциясы Иранда болып өтті.

Ақпанның 22-сінде Ирақтың Самарра қаласындағы шиитердің қасиетті орыны- Алтын мешітте жарылыс болды. Содан кейінгі санаулы күндер ішінде сүнниттер мен шиитер арасындағы секталық қақтығыстар барсында 200-ден аса адам қаза болған. Содан бері өш алу әрекеттері бір тоқтамастан, қарашаның 23-і Бағдат үшін шығындардың ең көп болған күні ретінде атап көрсетілді.

Ал, Батыс әлемінде Мұсылман салт-дәстүрлері жөніндегі пікірталастар одан әрі жалғасып жатты. Мамыр айында христян басшыларын қапаландырған мәдени бір жаңалық болды. “Да Винчи коды” атты фильмде, ойдан құрастырылған сюжет бойынша, “Иса алейхиссалам пайғамбар үйленген, балалары болған” деген әңгіме қозғалады. Ватикан басшылары бұл фильмге бармай, бойкот жариялауға християндарды шақырған болатын.

Сонымен бірге папа Бенедикт 16-шының Ислам жөніндегі келтірген дәйек сөздері Ислам әлемінің пәрменді қарсылығын туғызған еді. Оның соңы папаның Түркияға сапарымен аяқталғаны белгілі.
XS
SM
MD
LG