Accessibility links

Дж.Буш Ирақтағы саясатын өзгертуге асықпайды, ал қантөгіс өрши түсті


ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Американың Ирақтағы саясатын өзгертуге асықпайтынын мәлімдеді. Кеше Пентагонда қорғаныс министрлігінің басшыларымен кездескен соң Дж.Буш жаңа жылға дейін Ирақтағы саясат стратегиясын өзгертуге асықпайтын шешім қабылдағанын қорғап бақты. Оның алдында ғана Ирақтағы қантөгіс әрі қарай жалғасып, кем дегенде 30 адам, оның ішінде Бағдадтағы бомба жарылысынан 15 кісі көз жұмды. Бүгін әскери киім киген қарақшылар Бағдадта 20-ға жуық саудагерді тұтқындап алып кетті.
XS
SM
MD
LG