Accessibility links

Өзбекстандағы адам хұқын қорғаушылар үй қамауында отыр


Өзбекстандағы адам хұқын қорғаушы Бахтиер Хамроев пен Жизақ қаласындағы тағы басқа белсенділер үй қамауында отыр. Бұл туралы Хамроевтың өзі Азаттық радиосының өзбек қызметіне телефон арқылы хабарлады. Хамроевтың айтуынша, соңғы 9 күн бойы қауіпсіздік күштері оның үйінің алдында бақылау орнатып отыр екен. “Бұл қазір Өзбекстанда жүрген Еуроодақ делегациясының сапарымен байланысты болуы мүмкін деп ойлаймын”, - деді Хамроев.
XS
SM
MD
LG