Accessibility links

АҚШ демократияға бағытталған жаңа бастамасын жариялады


АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүкіл әлемдегі адам хұқтары мен демократияға қолдау көрсетуге бағытталған үш жаңа бастаманы жариялады. Атап айтқанда, төтенше жағдайларда үкіметтік емес ұйымдарға грант беретін Адам хұқын қорғаушылар қоры құрылды. “Үкіметтік емес ұйымдардың 10 қағидасы” тізімі Америка Құрама Штаттарына шетел үкіметтерінің өз еліндегі үкіметтік емес ұйымдармен қалай қарым-қатынас жасауын бағалауына көмектесетін болады. Сонымен қатар, АҚШ-тан өзге елде орналасқан адам хұқын қорғаушы үкіметтік емес ұйымдар мен жеке тұлғалар жыл сайын арнайы сыйлықпен марапатталмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG