Accessibility links

Қырғыз депутаттары Манас әуе базасы жөнінде АҚШ-пен жасалған келісімді қайта қарау керек дейді


Бүгін Қырғыз парламенті үкіметтен 2001 жылы АҚШ-пен Манас әуе базасы туралы жасалған келісімді қайта қарауға шақырды. Оған түркті болған өткен аптада бір американдық әскердің Қырғыз азаматын атып өлтіргені болды. АҚШ әскерилері оның өзін қорғау үшін оқ атқанын алға тартқан. Қырғызстан жерінде Ауғаныстандағы операциялары үшін Манас әуе базасын пайдаланып отырған американдық әскерилерге әскери-дипломатиялық құқық берілгендіктен, Қырғыз билігі оқ атқан американдықты жауапқа тарта алмады.
XS
SM
MD
LG