Accessibility links

Тойға келген қонақтардың 20-дан көбі қаза болып, 20 шақтысы ауруханаға түсті


ИСЛАМАБАД: Пәкістандағы Мултан қаласының шетінде дүрліккен халықтың бір-бірін басып-жаншуы салдарынан 20-дан көп адам құрбан болды. Үйлену тойына жиналған халық өрт шыққан кезде дүрлігіп бір-бірін басып-жаншып жан-жаққа бытырай қашты. Полицияның мәліметі бойынша, қайғылы оқиға сенбі күні болды. Электр жүйесіндегі ақаулықтан жалын шығып, қонақтардың үстіне тартылған кенеп өртене бастаған. 20-дан аса адам аурухана жеткізіліп, кейбірі хал үстінде жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG