Accessibility links

Украинадағы “түрлі-түсті төңкеріс” адам құқының ахуалын өзгерте алмаған сияқты


КИЕВ: Бүгін Еуропа Кеңесінің адам құқы бойынша арнаулы өкілі Украинадағы адам құқын қорғаудың жақсарғанымен де, полицияның қолға түскен күдіктілерді азаптау мен нәсілшілдік негіздегі қылмыстардың әлі де барлығын мәлімдеді. Бүгін Киевте айтқан сөзінде швед дипломаты Томас Хаммарберг осындай проблеманың, сондай-ақ жемқорлықтың сот жүйесінде сақталып отырғанын атап көрсетті. Сонымен қатар Хаммарберг Украинада сығандар сияқты азын-аулақ халық пен мұсылман діни қауымдастығына қарсы нәсілшілдік жеккөрушілік пен қылмыстардың байқалып отырғанын мысалға келтірді.
XS
SM
MD
LG