Accessibility links

Босниядағы сербтердің ұлтшылдар партиясының лидері өзгерді


САРАЕВО: Боснияда бұрын билік басында болған сербтердің ұлттық партиясы Младен Босичті өзінің жаңа лидері етіп сайлады. М.Босич – осыған дейін сербтердің Демократиялық партиясының вице-президенті, 2000-ыншы жылы Босния сыртқы істер министрінің орынбасары, 2001-2004-інші жылдардың аралығында Боснияның Словениядағы елшісі болды. Ол қараша айындағы сайлауда жеңілгені үшін партия басшылығынан кеткен Драган Чавичтің орнына лидер болып сайланды. Сербтердің Демократиялық партиясын - әскери қылмыстары үшін бас сауғалап жүрген Радован Караджич 1990-ыншы жылдардың басында құрған болатын.
XS
SM
MD
LG