Accessibility links

Діни басшыны... тіпті оны қызметтен босата алатын Кеңеске сабырлы саясаткер сайлануы мүмкін


ТЕҺРАН: Иранның беделді діни бақылау мекемесі болып табылатын Сарапшылар Кеңесіне сайлау барысында бұрынғы президент Әли Хашеми-Рафсанджани көш бастап келеді. Бастапқы мәлімет бойынша, “президентшіл” үміткерге қарағанда, президент М.Ахмади-Неджадтың саясатына қарсы сабырлы көзқарас ұстанатын Рафсанджани 2 есе көп дауыс алған. Рафсанджани – сабырлы исламистер мен реформашылдардың бірлестігі атынан дауысқа түсіп отыр. Сарапшылар Кеңесі – Иранның рухани басшысын бекітетін, қадағалайтын және тіпті оны қызметінен босата алатын құзыры бар жоғарғы діни мекеме. Жұма күні берілген дауыстардың қорытындысы бүгін жариялануға тиіс.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG