Accessibility links

Ирақта кемінде тағы 10 адам ұрланды, 53 мәйіт табылды, 3 АҚШ жауынгері қаза тапты


БАҒДАД: Бүгін полицейше киінген қарақшылар Бағдадтың орталығында орналасқан Қызыл Крест комитетінің кеңсесіне басып кіріп, кем дегенде 10 адамды күштеп алып кетті. Сондай-ақ, Ирақ полициясының хабарлауынша, Бағдадтағы сүнниттер мен шийттердің өзара қақтығыстары барысында “өлім батальоны” өлтірген 53 адамның мәйіті табылды. Ал АҚШ әскері басшылығының хабарлауынша, сенбі күні Бағдадтың солтүстігінде әскери патрульдің көлігі жол бойындағы минаға жарылып, 3 АҚШ жауынгері мерт болды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG