Accessibility links

Роберт Гейтс – Пентагонның жаңа “қожайыны”


ВАШИНГТОН: Бүгін Вашингтонда АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі Роберт Гейтс ресми түрде қызметіне кірісуге тиіс. Орталық барлау басқармасының бұрынғы директоры Р.Гейтс Пентагонның басшысы лауазымында Дональд Рамсфельдтің орнына отырады. Оған Конгресс мүшелерін сайлау барысында Республикалық партияның жеңілуі себеп болды. Осы жеңілістен кейін президент Дж.Буш Вашингтон Ирақтағы саясатының стратегиясын өзгертуге тиіс деп мәлімдеді. Р.Гейтсті осы айдың басында АҚШ Сенаты мақұлдады.
XS
SM
MD
LG