Accessibility links

“Хамас” ұйымы да, ФАТХ қозғалысы да бітім шартын орындамай отыр


ТАЯУ ШЫҒЫС: Жексенбі күні бітімге келуіне қарамастан, бүгін Газа аумағында “Хамас” ұйымы мен ФАТХ қозғалысының өкілдері өзара тағы да қақтығысып қалды. Газаның бірнеше ауданында атыс болғаны туралы хабар түсіп жатыр. Қанша адамның жапа шеккені туралы әзірше мәлімет жоқ. Кеше тараптар өзара бітімге келгенше кем дегенде 3 адам оққа ұшты. Палестинадағы ахуал оның лидері М.Аббастың Автономияның төрағасы мен парламентін мезгілінен бұрын қайта сайлау жоспарын жариялағаннан кейін күрт бұзылды. “Хамас” ұйымы оған түбегейлі қарсы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG