Accessibility links

Ауғанстанда 4 тәліптің көзі жойылып, НАТО-ның 2 жауынгері жараланды


КАБУЛ: Ауғанстандағы АҚШ әскерінің хабарлауынша, НАТО басқаратын халықаралық күштер ауқымды соғыс операциясын өткізіп жатқан Кандагар өлкесінде 4 тәліптің көзі жойылды. Халықаралық күштердің өкілі Кандагарда жанкешті-террористің НАТО әскерінің автокеруенін соққан кезде, 2 НАТО жауынгерінің жараланғанын хабарлады. Сондай-ақ, тәліптер Пәкістан шекарасындағы күзетке шабуыл жасап, атыс барысында 5 тәліп пен 1 ауған жауынгері қаза тапты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG