Accessibility links

Пентагонның жаңа “қожайыны” Р.Гейтс Ақ үйде ант берді


ВАШИНГТОН: Роберт Гейтс – АҚШ-тың жаңа қорғаныс министрі. Бүгін ол осы қызметіне ресми түрде кірісу үшін Ақ үйде ант берді. Сонымен қатар бүгін Гейтс Пентагондағы қоғамдық ант беру рәсіміне баруға тиіс. Бұл шараға Ирақтағы саясатының “жаңа стратегиясын” қабылдайтынын мәлімдеген АҚШ президенті Дж.Буш та қатысады. Роберт Гейтс – Дж.Буштың әкімшілігінде 2001-інші жылдан бері қорғаныс министрі болған Дональд Рамсфельдтің орнына отырды.
XS
SM
MD
LG