Accessibility links

Франция Ауғанстандағы одақтастарының күштеріне көмекке келеді


КАБУЛ: Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында көмекке қосымша күш керек болған жағдайда, Франция өз әскерін жіберуге дайын екенін мәлімдеді. Өткен айда НАТО елдері Ауғанстанның бір түкпіріндегі қиын жағдайға көмек қажет болса, бір-біріне көмекке келуге уағдаласты. Ауғанстанның оңтүстігі мен шығысында қайта көтеріле бастаған Талибан қозғалысына тойтарыс беру үшін Ұлыбритания мен Канаданың, Голландия мен АҚШ күштеріне қоса НАТО-ның Франция, Германия, Италия, Испания сынды жетекші елдері ол жаққа өздерінің тұрақты әскерін жолдаудан бас тартқан болатын.
XS
SM
MD
LG