Accessibility links

М.Аббас Израиль премьерімен “тиянақты келіссөз” өткізу райынан қайтпайды


РАМАЛЛА: Автономия ішіндегі талас-тартыстың қыза түсуіне қарамастан, Палестина лидері М.Аббас кезектен тыс сайлау өткізу жоспарын пәрменді түрде жүзеге асырады. Бүгін Палестинаға сапармен келген британ премьер-министрі Т.Блэрмен кездесуі барысында М.Аббас осылай деп мәлімдеді. Сонымен қатар Автономия төрағасы Израиль премьер-министрі Эхуд Ольмертпен жүздесіп, Израильмен арада “тиянақты келіссөз” өткізуді көздейтіін атап көрсетті. М.Аббас Т.Блэрден Палестина автономиясына қарсы бағытталған “экономикалық қоршауды” жоюға көмектесуін өтінді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG