Accessibility links

Вашингтонды Әзірбайжандағы сөз бостандығының ахуалы алаңдатып отыр


БАКУ: Кеше АҚШ дипломаты баспасөз еркіндігін қорғау үшін Әзірбайжан көп іс атқаруға тиіс деп мәлімдеді. Әзірбайжандағы тәуелсіз телеарнаның жабылуы мен тәуелсіз басылымның өз кеңсесінен қуылуынан кейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының демократия, адамның құқы және жұмыс күші бойынша орынбасары Барри Лауэнкрон осылай деп атап көрсетті. Оның сөзіне қарағанда, Америка Құрама Штаттары Әзірбайжан билігін тәуелсіз де ерікті және кәсіби баспасөз құралдары үшін саяси кеңістіктің болуына кепілдік беруге шақырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG